Жантүршігерлік апат: Қырыққа жуық адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары жалғасуда

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
32

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемінде 39 адам қаза тауып, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Табиғи апат аймақтағы ондаған елді мекенді басып, мыңдаған тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Жергілікті биліктің мәліметінше, апатқа Наньнин қаласы маңындағы Люлань су қоймасы бөгетінің жарылуы себеп болған. Қатты жауын-шашын мен өзендердің тасуы салдарынан су деңгейі күрт көтеріліп, бөгет қысымға шыдамай бұзылған.

Құтқару қызметі апат болған алғашқы сағаттардан бастап шұғыл жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта жүздеген құтқарушы, әскери қызметкерлер мен еріктілер іздестіру-құтқару операцияларына жұмылдырылған. Арнайы техника мен тікұшақтар қолданылып, су басқан аймақтардан адамдар қауіпсіз жерлерге көшірілуде.

Билік өкілдері қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Высокие темпы строительства остаются одной из ключевых особенностей развития столицы. Наряду с жилье...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан eFootball Mobile бойынша ұлттық құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, FIFAe Continental...