«Қазақтың Моцарты» ақмолалық жастармен кездесті

Жаңалықтар
1294

Танымал композитор, пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Рахат-Би Әбдісағин жастармен кездесіп, «Жаңғыру трендтері» тақырыбында дәріс оқыды.

Уақыттан озған талапты жас – 13 жасында студент атанып, 17 жасында магистрант болған зияткер азамат. Мұндай тума талант елімізде ғана емес, әлемде сирек. 

Бүгінде Рахат-Би Әбдісағинды «Қазақтың Моцарты» деп атайды. 12 жасында музыка жаза бастаған талант. Көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты. 100-ден астам музыкалық шығармалның авторы. Рахат-Бидің туындыларын Еуропа, Азия мен Американың симфониялық оркестрлері һәм камералы ансамбльдері, атақты солистері орындайды. Шетелде қазақтың абыройын асқақтатып жүрген дара дарын иесі бүгін Зеренді ауданында бір топ жастармен кездесіп, идеяларымен бөлісті. 

Рахат-Би Әбдісағин, композитор, өнертану ғылымдарының магистрі:

 - Менің дәрісім «Жаңғыру трендтері, уақыттан озу» деп аталады. Яғни жетістікке жету жолдарын айтып, әрдайым алда болудың сырымен бөлістім. Өзімнің шығармашылығым жайында, әлемдік классикалық музыка төңірегінде сұхбаттастым. Меніңше, мұндай кездесулер жастардың өмірге деген құлшынысын арттырып, тұлға болып қалыптасуына сеп болады.

Айбар Камал дәріске қатысушы /Түркістан облысы/:

 - Рахат-Бимен өткен кездесу бізге патриоттық рух сыйлады. Ол кісіден үлгі алатын жерлеріміз де бар. Бізге жігер берді. Бізге рух берді. Барлығымыз бірге қосылып, қаншама іс-шараларды жүзеге асыруға болатындығын түсіндік, қаншама идеялар берді.

«Жаңғыру трендтері» атты республикалық жастардың жазғы білім беру лагеріне Рахат-Би Әбдісағин, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы ретінде шақырылып отыр. Бұл лагерь тақауда ашылған. Оның аясында елімізге танымал тұлғалар жастармен жүздесіп, түрлі тақырыпта дәрістер оқиды. 

Асхат Оралов, ҚР Қоғамдық даму министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

 - Республикалық жастардың білім беру жазғы лагерін Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Зеренді баурайында ұйымдастырып отырмыз. Негізгі мақсатымыз – еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастарымызды жинап, үш кезең бойынша оқыту, білім беру лагерін ұйымдастыру. Біріншісі  «Digital ұрпақ» кезеңі болды. 5 күндік ауысым. Одан кейін қазіргі ауысым – «Жаңғыру трендтері» мәселесі. Үшіншісі – «Бизнес сиқыры».

«Жаңғыру трендтері» атты республикалық жастардың жазғы білім беру лагеріне 15 күннің ішінде 300-ден аса жас қатысады. Әр ауысым 5 күннен. Ұйымдастырушылар бұл тырнақалды жобаны тұрақты түрде өткізіп тұруға ниетті. 

Авторлары: 

Қорған Төреқожа, Ермек Кеншімбек, Асхат Қарақойшиев

 

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...