"АҚШ-тан Роллс-Ройс әкеп берем". Алаяқ 13 жылдан соң ұсталып, елге экстрадицияланды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
652

Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін күдіктіні экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.

Күдікті 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан «Роллс-Ройс» маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін бой тасалап, ізін суытып кеткен. 

Ол 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келген. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған еді. 

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бірлескен операциясы негізінде алаяқтық фактісі бойынша күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен табылды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды», деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...