«Түн құдайы» фильмі Сахалиндегі кинофестивальде көрсетіледі

Жаңалықтар
640

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Түн құдайы» фильмі Сахалин Халықаралық «Жердің қиыры»(«Край света») кинофестивалінің байқаудан тыс «Көршілер/Достар» атты бағдарламасында көрсетіледі.

Фестиваль Оңтүстік Сахалинде тамыздың 24-31 аралығында Сахалин губернаторының қолдауымен өтеді. 

«Түн құдайынан» бөлек, «Жер қиырының» негізгі байқауында режиссер Ержановтың басқа да фильмі – «Әлемнің мейірімді енжарлығы» (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жобасы емес) қатысып отыр. 

«Негізгі байқауға олар дәстүрлі кинотілде түсірілген фильмдерді қабылдайды, «Әлемнің мейірімді енжарлығы» осы форматқа сәйкес келеді. Ал «Түн құдайы» – сюжет логикасын елемей, образ тазалығын көрсетуге тырысқан эксперименталды бағыттағы фильм. Қатарынан екі фильмім фестивальге қатысып отырғаны қуантады, өйткені олар формасы мен мазмұны жағынан бір-біріне қайшы фильмдер», – деді режиссер Әділхан Ержанов. 

Негізгі конкурс және «Көршілер/Достар» бағдарламасынан басқа фестиваль аясында Ингмар Бергманның ретроспективасы, азиялық және ресейлік анимация көрсетілімдері өтеді. Және қазылар алқасы – режиссерлер кіші Алексей Герман, Алексей Попогребский және Таминех Миланидің, сценаристер О Чжун-ми және актриса Мария Шукшинаның фильмдері көрсетіледі.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...