ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Меломан» дүкендер жүйесімен бірге байқау жариялады

РУХАНИЯТ
2038

Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруды кітап дүкендерінің ірі жүйесі қолдап, «Кітап оқып, рухани бай бол!» республикалық байқауының бас серіктестерінің бірі болды.  

Mega Silk Way сауда орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Меломан» компаниясыны өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

«Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыттарының бірі «Білімнің салтанат құруы» екендігі және осы бағыттың тұлғаның әрі қарай дамуына, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретіндігі белгілі. Осы ретте кітап оқудың маңыздылығы ерекше. Сондықтан да жобаның бас серіктестерінің бірі – «Меломан» компаниясы болып отыр»,- деп Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин атап өтті. 

«Меломан» компаниясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Анна Валентованың пікірінше жалпы қазақстандық қоғамның әлеуетінің артуы зияткерлік капиталдың дамуына байланысты. «Біздің команда бұл жобаны қуанышпен және мақтанышпен қолдап, «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыттарының бірі «Білімнің салтанат құруының» дамуына үлес қосуға дайын. Кітап оқуды насихаттау қажет әрі маңызды! Сондықтан да оқыңыз және одан әрі дамыңыз»,-деп атап өтті Анна Валентова. 

«Кітап оқып, рухани бай бол!» республикалық байқауы астаналық жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. «Меломан» алаңында жас ақындар өз авторлық шығармаларын оқып, отандық және шетелдік әдебиет туындыларын талқылады. Меморандумға қол қою аясында Нұр-Сұлтанның ерекше белсенді сайыскерлеріне Данияр Есин сыйлық сертификаттарын тарту етті. 

Байқауға кез-келген тұлға қатыса алатындығын естеріңізге саламыз. Бірінші кезең – әлеуметтік желілердегі эстафета. Қатысушы шығармадан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің және https://www.facebook.com/ruhani.kz, https://www.instagram.com/ruhkz/ ортақ аккаунттарын белгілеп, инстаграмға жеке бетіне орналастыруы қажет, сондай-ақ байқаудың арнайы хештэгтерін #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol пайдалануы қажет. 

Екінші кезеңге әлеуметтік желілерде ең көп лайктар мен репост жинаған қатысушылар өтеді. Олар үшін «Меломан», «Марвин» өңірлік кітап дүкендерінің бірінде немесе ұйымдастырушы айқындаған басқа орында көркем кітаптарды терең ұғынуға бағытталған пікірталастар ұйымдастырылады. Қазылар алқасынан алған ұпайларына сай, үздіктер ақтық кезеңге өтеді.

Байқау 2020 жылдың 1-ақпанына дейін жалғасады.


madeniportal.kz

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...