Шаруаларға көктемгі егіс науқанына 340 мың тонна дизель отыны беріледі

Жаңалықтар
569

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларға көктемгі егіс науқанына 340 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілетінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: Юрий Смитюк/ТАСС

Министрдің айтуынша, 2024 жылғы көктемгі егіс жұмысын жүргізуге жеңілдетілген дизель отынының көлемін қалыптастыру алғаш рет gosagro.kz арқылы шаруалардың электронды өтінімдері негізінде іске асырылды.

«Республика бойынша барлығы 340,0 мың тонна дизель отыны көлеміне жиынтық өтінім қалыптастырылды. Жиынтық өтінім негізінде Энергетика министрлігі дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекітіп беру графигін, сондай-ақ жеңілдікті дизель отынының құнын литріне 250 теңге деңгейінде бекітті (АЖС – литріне 295 теңге). 26 наурыздағы жағдай бойынша мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлерге барлығы 67,7 мың тонна (немесе 20%) дизель отыны тиеп-жөнелтілді», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Министрдің пікірінше, облыстардағы әкімдіктер дизель отынының бөлінетін көлемін тиеп-жөнелту жұмыстарын жандандыруы қажет.

«Бүгінгі таңда өтінім беру және жеңілдікті дизель отынын алу рәсімі толық цифрландырылған. Бірақ жекелеген шаруалар көрсетілген мерзімдерде өтінім беріп үлгермеді. Осыған байланысты жекелеген өңірлердегі әкімдіктер және фермерлер өтінімдер қабылдауды қосымша ашу мәселесін көтеріп жатыр. Сондықтан Энергетика министрлігі атынан облыс әкімдіктерінің ұсыныстарын қолдауды сұраймын», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік дизель бағасы барлық 20 өңірде 2023 жылғы деңгейде болады – ҚҚС-пен литрі – 250 теңге. Бұл бөлшек саудадан 15% немесе литрі 45 теңге төмен.

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...