Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Халықаралық поэзия кешін ашылу салтанатына қатысты

ӘДЕБИЕТ
1811

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Ақ ордалы – Астанам» Халықаралық поэзия кешін ашылу салтанатында сөйлеген сөзі

Қайырлы кеш, құрметті әдебиетсүйер қауым,
қадірменді қонақтар!

Бүгін қазақ әдебиеті үшін айтулы күн. Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай әлем ақындарының қатысуымен «Ақ ордалы – Астанам» Халықаралық поэзия кеші өз жұмысын бастады. Айтулы іс-шараға алыс-жақын елдерден келген ақындар және Отандық әдебиет әлемінің майталмандары, бүгінгінің ақиық ақындары Астанаға өлең арнап, Қазақ елі жайлы қалам тербеп жатыр.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аты бағдарламалық мақаласында, рухани жаңғырудың басты шарты – мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды сақтап қалу. Онсыз рухани жаңғыру құр жаңғырық болып қалады деп баса айтты. Еліміз жүргізіп отырған саясатта мәдениетке аса көңіл бөлінген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау мақсатында әдебиетімізге идеологиялық мән берілген.
Қазақстан, Астана және Елбасы турасындағы тақырыптың қозғалуы және олардың қазақ, ағылшын, орыс тілдеріне, сондай-ақ БҰҰ мақұлдаған ресми шет тілдеріне аударылуы біз үшін үлкен мәртебе болмақ.
Астана – тұтас мәтін. Әрбір қыры мен сәулет өнеріне жан бітсе, қойнауына небір тарихты, сырды бүккен бір кітап. Аспанмен астасқан, алыстан менмұндалап тұрған айбарлы да айшықты ғимараттар тұтас мәтіннің мәдени мазмұны және мәні. Осындай әсем қаланың мәдени мәтінге айналуы, қалыптасуы Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен жаңа астанасын салу идеясын ұсынған және іске асырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты. Қазіргі кезде Астана – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін, ел дамуының әлеуетін мен оның жарқын болашағының айқын көрсеткіші.
Жиналған барша қауым! Бүгін Ата Заңымыздың қабылданғанына 23 жыл! Жетістіктеріміздің қайнар көзі саналатын Қазақстан Республикасы Конституцияның да өз тарихы бар. Баршаларыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, ақын жазушыларға сәттілік тілеймін.

author

Арыстанбек Мұхамедиұлы

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...

Жаңалықтар

Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша у...