«Жағдайы туралы айтпауды өтінді»: Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
584

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенн 26 жастағы қазақстандық Әсем Әбубәкір табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы оның әпкесі Рузана мәлімдеді.

«Әсем табылды. Қазір оның жағдайы туралы айтпауымды өтінді.

Сыртқы істер министрлігіне, полицияға, Ішкі істер министрлігіне және көмектескен барлық жанға алғыс айтамын. Қазір ұшып бару мәселесі туындап тұр — оған тезірек жету керек. Сондықтан ауысу уақыты ең аз билет болса, бағасы маңызды емес, ең бастысы — оған мүмкіндігінше тез жету.

Қазіргі уақытта ол консулдың жанында. Мен оны бейнеқоңырау арқылы көрдім, қалғанына әзірге пікір бере алмаймын. Ең бастысы — оның табылғаны, соған баршаңызға ризамын», — деді Рузана.

Еске салайық, қазақстандық бойжеткен 2026 жылғы 6 наурызда Хошиминде жоғалып кеткен. Қыздың жоғалғаны туралы әлеуметтік желілерде оның әпкесі Рузана Жүсіпова хабарлаған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...