Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісін пышақтап кеткен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
873

Таразда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындап, оның соңы пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушы мас күйде болған. Жүргізушінің жұмыс ауысымы аяқталғанына қарамастан, ол автобустың әрі қарай жүруін талап еткен.

Жүргізуші бұған келіспеген соң, екеуінің арасында сөзге келу басталған. Жанжал тез арада төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісін пышақтап жіберген.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, күдіктіні ұстады.

Жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның мән-жайын Тараз полициясы анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...