Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды...
Семей қаласының тұрғынын шошытқан қыз мәжбүрлі емге жіберлуі мүмкін
ашық дереккөздерден
Әлеуметтік желілерде Семей қаласының тұрғынының көпқабатты үй кіреберісінің алдында түнде болған жанжал туралы жазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қыздың айтуынша, ол бейтаныс әйелдің агрессивті әрекетіне тап болған. Әйел қорқытып-үркітіп, балағат сөздер айтып, боқтықтаған.
Threads әлеуметтік желісінде жазба авторы оқиғаның 2026 жылғы 25 қаңтарда шамамен 03:21-де болғанын мәлімдеді. Жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда, қыз өз сөзінше, артынан еріп, кіреберіске дейін ілесіп келген бейтаныс әйелді байқайды.
«Есікті ашып, оны алдымен кіргізбек болғанымда, ол қолын сермеп, өзім кір деп айқайлай бастады. Балағаттап, боқтады. Осыдан кейін мен кіреберіске енді мүлде кіре алмайтынымды түсіндім», — делінген жазбада.
Қыздың айтуынша, ол болып жатқан жағдайды видеоға түсіре бастағаннан кейін, әйел оқиғаны жазба авторының өзі кінәлі етіп көрсетуге тырысып, түсірілімге байланысты наразылық білдіре бастаған.
Оқиғаға Абай облысы полиция департаменті түсініктеме берді:
«2026 жылғы 25 қаңтарда шамамен сағат 03:21-де Семей қаласы Қарағайлы шағынауданындағы үйлердің бірінің подъезі маңында екі азаматша арасында ауызша жанжал болғаны анықталды. Жанжал барысында 24 жастағы қатысушы бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, жауап алынды. Аталған факт бойынша 24 жастағы азаматшаға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды».
Сонымен қатар полиция өкілдері, қыздың тиісті мамандардың арнайы есебінде тұрғанын ескере отырып, оған медициналық сипаттағы шаралар қолдану (оның ішінде мәжбүрлеп емдеуге жіберу) мәселесі қарастырылатынын хабарлады.