Сеулде Қазақстан мен Кореяның түпкі байланысын баяндайтын кітап таныстырылды

Жаңалықтар
512

Зерттеу жүргізген екі елдің ғалымдары Есік қорғанында Алтын адам көмілген жерден табылған алтындар мен ежелгі Силла патшалығындағы зергерлік бұйымдардың ұқсастығын анықтаған. 

Тағы бір мәдени байланыс – Қазақстанның темір дәуіріндегі тас қорғандар. Археологтардың пікірінше, мұндай тарихи қарым-қатынас Ұлы Жібек жолы арқылы орнаған. 

Ли Мён Ок, Кореядағы ұлттық зерттеу институтының ғылыми қызметкері:

 - Корея мен Қазақстанда табылған дүниелерде ұқсастық бар. Алтын зергерлік бұйымдарындағы өрнектер мен жануарлардың суреті бірдей. Зерттеу барысында Қазақстан мен Корея арасында мәдени байланыстың барына көзім жетті. Енді қазақ және орыс тілінде жарық көрген кітаптарды Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің ғылыми орталықтары және кітапханаларына жібереміз.

 

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...