Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақ...
475 миллион теңгеге жер сілкінгенде жедел хабар тарататын жүйе енгізілмек
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі туралы хабарлаудың жаңа жүйесі енгізілетіні туралы және оған қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы Алматы әкімі үкімет отырысында мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 қаңтардағы тапсырмасы аясында, Алматы әкімдігі мобильді құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін тығыз режимде ЦДИАӨМ, ТЖМ-мен бірлесіп қала тұрғындарын ТЖ туралы жедел хабардар ету мақсатында 2024 жылғы мамырдың аяғына дейін Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, Mass Alert қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарланып отыр, оған 475 миллион теңге бөлінді", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Әкім дәстүрлі технологиялардан айырмашылығы, Cell Broadcast SMS-технологиясы желіге қосымша жүктеме жасамайтынын және базалық станция антенналарының қамту аймағында орналасқан барлық абоненттер үшін жедел және жаппай таратуға, хабарландырулардың уақыты мен жиілігіне мүмкіндік беретінін айтты.