Қайрат Нұртастың әйелі Астанадағы әуежайда өнерін көрсетті (ВИДЕО)

коллаж

Шоу-бизнес
2824

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madeniportal.kz.

 Актриса әлеуметтік желідегі парақшасына бала күнгі құрбысы Салтанат Бақаевамен бірге әуежай алдында билеген бейнесін жүктеді. Қыздар Астана әуежайының алдындағы жаяу жүргіншілер өткелінде биледі. Олар жаңа жылдық Bobby Helms – Jingle Bell Rock әнін таңдаған.

«Бала күнгі құрбыңмен кездескенде, балаша ойнап-күлгенге не жетсін», - деді актриса.

Желі қолданушыларына олардың биі ұнады.

«Жұлдызды осындай релаксацияда көру қандай жақсы, содан кейін үнемі байсалды талғампаз әйел», «Салта-ең көңілді қыз», «Жарайсыңдар! Осындай позитивте көңіл-күй көтерілді. Бақытты бол», «Сіз әрқашан бізді бір нәрсемен таң қалдыруға себеп табасыз. Бақытты бол, бәрінде сәттілік, Алла тағала сені қорғасын», - деп жазды желі қолданушылары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...