Перизат Жаңғлышбаева. Неге көтердім көзімнің жасын?!

ӘДЕБИЕТ
784


***

Ғажабың бар бойыңда нендей тылсым,
Күнде - күнде жолыққан Күндей көршім.
Өмір жайлы айтамыз басқа әңгіме
басқа әңгіме айтылады, көзден, ол - шын...

Жат адамдай кезігеміз көп ішінде,
Жат ойларды қозғаймыз кеп, не есіңде...
Мен үшін бе, шақырасың досты шәйға,
Менде барғым келгені, сен үшін бе?!

Жұмбақ қылып алсақ та, жанды кейде,
Шешімі оның дәл мына әңгімеде:
Мен ұнаттым, сен оқыған жырдың бәрін,
Сен ұнаттың, мен айтқан әнді неге?

Ғажабың бар бойыңда нендей тылсым,
Күнде - күнде жолыққан Күндей көршім!
Болса, іздейтін бір адам - сендей жүрсін,
Сағынатын бір адам, мендей болсын...


ЖҮК


Маған ауыры - көз алдымда өзімнің-
Сындым да қалдым, түк қалмай.
Жалғанға сыймай жалғыз безіндім,
Жақыным кеткенде құтқармай...

Жатпын өзіме, жақынды айтам-ау,
Ес жыймай қалдым адасып!
Қайғыны азап күнде арқалау,
Қарайған сайын қарашық...

Дәл мұның жүгін неге көтердім?
Неге көтердім көзімнің жасын?!
Енді кеп өзім-өзіме бөтенмін,
Жат адамды айтса - менен сұрасын...

... Кешегі кіммін, кім едім осы
Дірілдеп әлден өтті бой.
Мен кешіп жүрген азаптың әңгімесі,
Өзімдей болып кетті ғой!



КӨКТЕМ-КӨЗ


Көзінен көктем көрдім, қарасы-ем,
Маңдайдағы әп-әйбат Меңі осы, ең.
Суретші де көре алмас онын Жанын,
Оның Жаны, кәдімгі, қарашы  Әуен...

Тағдырға көп налысам - тамшы көңіл,
Қазір оның жарасы сенші, жеңіл.
Мен айықпай қалсам-шы бұл күйімнен,
Өзі өртейтін, сөндіріп емші ме, Өмір?!

Кешсем де - бақ, көргім кеп Көктем-Көзді,
... Сезім ғана шынайы еткен бізді
Ол Көздер біле ме екен Маxаббаттан-
Ессіз болып кеткен қызды?!...


***

Қалай ойдан жасап алдым, танымасты,

Маxаббат - жылдар сірә, бірі жасты,

Сұр есікке жақындадым құлыптаулы,

Қарады үнсіз. Ойланып, бір ұл ашты...


Ескі әуенмен сөйледім, тоқтап, ұзақ,

Ескі үйін жылытыпты, от жағып ап,

Мені алғаш көрген бе, таңданды рас,

Мен адасып келгем бе сонда сұрақ...


...Өз күйіме өртенген тұсты таны,

Бақ, бақ деген қолымнан ұшты тағы.

Әңгімеге тартады, қысқа – қысқа

Есігінен қаққасын бізді бәрі...


Екі адам боп кеп тұрмын, бірі өңім,

Түсімді көп қозғама, ең жеңілерім,

Есікті қағып алып, қайда кеттім,

Маxаббат мені қайдан келді дедің..?



«АЙНАЛАЙЫН»


Білмеймін, сен сезімді кештің бе, жоқ?
Бүгін мендей құлпырмады-ау ешкім гүлдеп.
Бір сәт үшін санадым қанша сағат,
"Айналайын" дегеніңді естігім кеп...

Қай жолдардан жолықтың, Жарығым-ей!
Маған қазір шаттық пен сағым бірдей,
Маған сенің сөздерің сәуле болып,
Қайта оятып қойған да көз ілдірмей...

Кешпесең ше?.. Бұл күйді мендей толқып,
Сезім, бірақ, жалғыз өзің келмейді ертіп,
Қандай тылсым, жаныма келген Жерден,
Айналайын, сәулемді сөнбейтін ғып!


«ЕКІ АДАМ»


Ешкімге айтуға болмайтын сезімді,

Өз - өзім мойындай алмайтын...

Қанша от, үміттер көз ілді,

Есікті қақпайтын, енді кеп жанбайтын...


Қуансам, өз-өзім үзігін моншақтап,

Құласам, ұшықтап сол тұспен...

Кешкен күй, арыңдай болса әппақ,

Досқа кеп айтуға көнбес те ең...


Жылынсам, ол да үнсіз, көркем hәм,

Дауыстап сөйлесем - ол да құр.

Біз түскен сурет те қалтамда,

Сезімге тұншығып сонда жүр.

... Айтуға болмайтын сонда Өмір


ЖАЛҒЫЗДЫҚ

(Анна Аxматовадан)


Мен тағы қалдым жалғыз,

Санамасам бос күндерді.

Достардың алдында аңыз-

Аққуды құшқым келді.


Әніменен тербей алған,

Көз жастың көмегі еш.

Дуғамен емдей алман,

Етегім неге күлеш?


Тізгіні өлімнің кімде?

Құлады біреу арадан.

Мың өліп тірілем күнде-

Мені жазғырса бір адам..!


Қайталад(ы) араға жыл салып,

Мұздықтар ериді дегенде.

Жатса егер сезімге тұмшалып

Сағыныш сыймайды көлемге...


Тарс етіп терезе соғатын,

Есіктің алдында тұрған кім?!

"Қабір" деп күбірлед(і) қара түн,

Мен де енді тұманша сұрландым..


ҚОШТАСУ ӘУЕНІ


Еліктейді, осы әуен саған,

Саған ұқсап сөйлейді, кейде,

Қайырмасы көсіле салған,

Сенің сағынышындай күйде...


Айнытпай қалай салады сені?

Әуені сендей сәл мұңлы...

Дәл осы тұсы жанарың еді,

Жиі кінәлайтын тағдырды.


Баяу үнінде ойнайды бірде,

Үнсіздігінді көріп қап.

Сен мені оятып жүрме,

Әуенмен кеттім қалықтап!



СҰРАҚ


Біз бүгін сөйлестік пе, сөйлеспедік?

Сөйлей, сөйлей салады кейде естелік,

Қазір айтқан қып қысқа әңгімені,

Жылдар бойы айтатын күйде естідік...


Біз тілдескен сияқтымыз, дұрысы ең,

Таныдым, ал, қоштасып жүрісінен.

Біз танысқан сияқтымыз алғаш рет

Біз ғашықтар сияқтымыз, бірі осы мен...


Дауысымен шақырды, дауысымен,

Көз алдыма кеп алды бәрі осымен,

Мені іздейді Ол, келгенде өз-өзіне,

Оны көрсем танамын неге есімнен?!


СЕЗІМ ДИАЛОГЫ


«Мен сізбен сөйлескім келеді»

- Менің де сол қалауым!

- Алматыда жауған Бүгін қар ма, жауын?

- ...Көктемде жауған қар шығар,

Кешіккен сәл.

- Сізге xат жазғаным жөн бе еді,

Жоқ, жазбағаным?...

- "Біздің де өз әніміз бар шығар"

- Бағыт басқа, кінәлі мен,

Сезімде есалаңмын, сірә

- Білем...

- Бір әнімен тербетіп Жүректерді,

Қозғайтын бір әнімен...

- Ол әннің сізге сонда-а-а-й жарасымы мол,

- Өмір – бұл, ережеге сыйғанымен...

- Құтқарары - сол алапат,

- Мені қазір билейтін бір-ақ күш бар,

Көзімнің қарашығы ол,

Мейірімге сұмдық құштар,

 Аяулы, о, маxаббат!

- Бұл сіз айтатын әлгі ән шығар?

- «Біздің де өз әніміз бар шығар...»






Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...