Өзбекстанда Нұрсұлтан Әбішұлының жеке қасиеттері әрқашан да жоғары бағалануда. Бүгін Астанада ҚР Тұң...
"Мәдениет порталына" қазақтың 100 поэмасы орналастырылды
«Қазақтың 100 поэмасы» сериясының 1-ші кітабында ХІХ ғасырдағы жəне ХХ ғасырдың бас кезіндегі дастандар мен ұлы Абайдың жəне оның шəкірттерінің поэмалары енгізілді. «Қазақтың 100 поэмасы» жинағының екінші кітабына Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының діни дастанынан бастап, қазақтың тұңғыш журналының редакторы Мұхамеджан Сералиннің, поэма жанрын жаңа мазмұнмен, эстетикалық бітіммен байытқан ақындар Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəкен Сейфуллиннің туындылары, Сəбит Мұқановтың «Сұлушаш» романы, сондай-ақ ХХ ғасыр басында ғұмыр кешкен халық ақын дарының тарихи дастандарды енгізілді. Қазақ поэмаларының үшінші кітабына белгілі қаламгер Сапарғали Бегалиннің «Тасарал» атты тарихи поэмасынан бастап дауылпаз ақын Иса Байзақовтың, майдангер ақындар Əбу Сəрсенбаев, Жұмағали Саин, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Хамит Ерғалиев, т.б. көрнекті ақындардың əдебиетімізге олжа салған туындылары топтастырылды. Қазақ поэмаларының төртінші кітабында Тұрсынхан Əбдірахманова, Мұзафар Əлімбаев, Е.Ибраһим, Ізтай Мəмбетовтің поэмаларынан бастап, ХХ ғасырдың 60-жылдарында қазақ поэзиясына жаңа серпін əкелген Мұқағали, Жұмекен, Қадыр, Төлеген, Олжас сынды көрнекті поэзия өкілдерінің эпикалық поэзия жанрындағы туындылары топтастырылды. Қазақ поэмаларының бесінші кітабына ұлттық поэзиямыздың көрнекті өкілдері Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Кеңшілік Мырзабеков, Əбдірəштің Жарасқаны, Темірхан Медетбек, Иран-Ғайып, Серік Ақсұңқарұлы, Ұлықбек Есдəулет, т.б ақын дардың сан алуан тақырыпты арқау еткен эпикалық туындылары кіргізілді. «Қазақтың 100 поэмасы» сериясының алтыншы кітабына қазақ поэзиясына поэтикалық қуаты жоғары, тегеурінді жырларымен олжа салған ақындармен қатар кейінгі буын өкілдерінің поэмалары топтастырылды. Бұл поэмалар өткен дəуірлердегі аңыздық, тарихи оқиғалардан бастап бүгінгі күннің шындығын, жалпы адамзаттық мəңгілік мəселелерді көркем де бейнелі тілмен танытып, оқырманына ой тастауымен маңызды.