«Ең әуелі сөз болған» дейді ғой. Сол сөздің өзі ғажайып үнмен төгіліп, сыңғыр ете қалған...
Төреғали Төреәлі – «Тағы да сүй» (OST «Тағы да сүй»)
Тұсаукесер! Төреғали Төреәлі – «Тағы да сүй» (OST «Тағы да сүй»)
Телехикая Аян есімді жігіттің махаббат хикаясымен өрбиді. Ол – білімді, өз ортасына сыйлы жігіт. Әкесі Мұрат – жарнама агенттігінің басшысы. Аян мектеп жасынан Асыл есімді қызды жақсы көріп, екеуі қыз бен жігіт болып жүреді. Асыл – арманшыл, шығармашылыққа бейім қыз. Күндердің бірінде Аян Асылды үй ішімен таныстыруға бекінеді. Алайда әкесі қыздың жағдайын өзінің дәрежесімен тең көрмей, бұл некеге қарсы болады. Сол кеште Асыл Аянмен біраз сөзге келіп қалады. Аян сол кезде көліктің рөліне ие бола алмай, екеуі жол апатына ұшырайды. Екеуі де бірдей жан сақтау бөліміне түседі. Аян есін жиған соң, Асылдың қайтыс болғанын естиді. Қатты күйзеліске ұшырап, ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмайды. Уақыт өте әкесінің компаниясында дизайнер болып жұмыс істейтін Мерей есімді қызбен көңіл жарастырып, шаңырақ көтереді. Отбасылық өмірдің жаңа баспалдақтарын аттаған күні Аян әуежайда қапияда жоғалтқан сүйіктісі, алғашқы махаббаты Асылды кездестіреді. Аян осы кезде тығырыққа тіреледі. Бірақ Асыл апаттан кейін жадынан айырылғандықтан, бұрынғы сүйгенін танымайды. Дегенмен Аян нақты сенімді болу үшін бұл қыз туралы ақпараттарды іздей бастайды. Асылдың құпия өлімінің артында кім тұр? Аянның ендігі өмірі не болмақ? «Тағы да сүй» деп аталатын жаңа телехикаяны «Хабар» арнасынан қыркүйектен бастап көріңіздер!
madeniportal.kz