Төлеген Айбергеновтың өлеңдері
4886
Төлеген Айбергенов Қарақалпақ елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтты бітірген ақын жастайынан шығыс шайырларының жырларын жаттап өседі. Оның өлеңдерінің негізгі кредосы өмірге, туған жерге деген сағыныш болды. Шет жайлап, өзге ортада өскен ақынның тағдыры шығармашылығына әсер етпей қоймайды. Соның ықпалынан қазақ даласына арналған отты жырлар өмірге келді. Ақынның «Аруана – бауыр дүние» деген өлеңін оқыған сайын, шеттегі қандастарымыздың шерменде көңілі мен жанайқайы жүрек қылын тілгілеп өтеді. Төлегеннің поэзиясы туралы жазушы Әбіш Кекілбаев: «Төлеген Айбергенов творчествосы – өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры», - дейді.