Иван Буниннің өмірі мен шығармашылығы туралы Амангелді Кеңшілікұлымен сұхбат
Иван Бунин - орыс жазушысы. Нобель сыйлығының лауреаты (1933). Буниннің арғы тегі — Ресейге 15 ғасырда қызмет бабымен келген Литва ақсүйектерінен. Бунин әдеби қауымға 1887 жылы жарыққа шыққан алғашқы көркем дүниелерімен-ақ таныла бастаған. “Күзгі жапырақтар” жинағы үшін 1901 жылы Ресей Ғылым академиясының А.С. Пушкин атындағы сыйлығын алды. “Антонов алмасы” (1900), “Қарағайлар” (1901), “Жаңа жол” (1901) атты шығармалар жинағын да оқырман қауым жылы қабылдаған. Қазан төңкерісін қабылдай алмаған. Бунин Ресейден 1920 жылы шет елге қоныс аударды. Бұдан соңғы өмірі Францияда өтеді. Ауыр да азапты ғұмыр кешкен Бунин эммиграцияда жүріп те көп еңбектенеді. Өмірінің соңғы сәттерінде жазылған естеліктер мен мақалалары 1990 жылы Мәскеуде “Советский писатель” баспасынан “Окаянные дни” деген атпен жарық көрді. Кеңес өкіметін, большевиктер билігін өмір бойы мойындамай өткен Бунин кеңес жазушылары, кеңес қоғамы туралы өзінің шынайы ойларын аталмыш кітапта жан-жақты жазып қалдырған. Буниннің “Не пугай меня грозой” деген өлеңін Абай “Қорқытпа мені дауылдан” деген атпен қазақ тіліне аударған (1892 — 95). Жазушының “Антонов алмасы” жинағы Ғ. Қайырбеков аудармасымен қазақ тілінде (1960) жарық көрді.
- Хабарды жүргізген Құралай Жұмахан