«Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград&raqu...
Жұмыссыздарға жаны ашитын орталық
Елімізде жұмыссыздар саны аз емес. Соңғы бір-екі жылдағы ресми көрсеткіштерге сүйенсек, 440 мыңның үстінде көрінеді. Бірақ мемлекетіміз де қол қусырып қарап отырған жоқ. Іргелі бағдарламалардың аясында жұмыссыздықпен білек сыбанып күресіп жатқан мекемелер жеткілікті. Соның бірі – Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы.
Басқасын айтпай, тек қыркүйек айында атқарған шаруаларының өзі бірқатар жұмыссыз жандарды жарылқады. «Нұр Отан» партиясымен бірге өткізген жәрмеңкеде нақты 5 адам жұмысқа орналасты. 75 азаматқа жұмысқа орналасудың белсенді шараларына қатысуға жолдама берілді. Жұмысқа орналасудың белсенді шаралары дегеніміз – «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы. Яғни, 75 адам осы бағдарламаға қатысып, ары қарай жұмысқа тұруға мүмкіндік алады деген сөз. Бұл бағдарламадағы «жастар практикасы», «әлеуметтік жұмыс орындары», «атаулы әлеуметтік көмек», «кәсіби бағдар беру» сынды салалар бойынша жұмыссыз жандар таңдауын жасайды.
Жалпы, Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының нәтижелі әрекетінің барысында дәл осы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы қалалықтар арасында танымалдылыққа ие болуда. Атап айтқанда орталық өкілдері Алматыдағы бірқатар мектептер мен №1-ші қалалық емханада көшпелі кездесулер өткізіп, бағдарламаның тиімді тұстарын жиылған көпшілікке кең көлемде түсіндіріп берді. Бағдарламаның жұмыспен қамтылу үшін таптырмас мүмкіндік екенін де орталық өкілдері барлық мүмкін болған кездесулерде айтудай-ақ айтып жүр. Мысалы, отандық арналардағы танымал бағдарламаларда Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері бағдарлама туралы айтып, соның есебінен орталыққа өтініш берген азаматтардың саны да күн санап өсіп келеді.
Қорыта айтқанда, орталықтың бір ғана бағдарламаны түсіндіру үшін айына бірнеше шара өткізуі, жұмыссыз жандардың жұмысқа орналасуына мүдделі болуы – өз жұмысына жауапкершілікпен қараудың үлгілі көрсеткіші.
А. Сейілова