Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастап тұр. Бұған ойын түрлерінің тең жарт...
Maqpalsher (Мақпал Жұмабай) тыңдарманға жаңа туындысын ұсынды
Maqpalsher (Мақпал Жұмабай) – қазақстандық ақын, музыкант.
Maqpalsher өз шығармашылығында көкейкесті сұрақтарды көтеруімен ерекшеленеді. QOLYNDY BER жаңа бейнебаянында да адами және адамзаттық құндылықтар туралы бірнеше өзекті мәселені қамтиды: сана мен бейсананың күресі; үміт пен түнектің тартысы; индустриалдық революция мен табиғаттың қарым-қатынасы; шындық пен виртуалды шындықтың арпалысы. Осы күрделі төрт тақырыпты бейнелеу арқылы Maqpalsher адамдарды өз тағдыры мен бір-біріне қамқорлық танытуға, ортақ үйіміз – Жер-Әлемді сақтауға шақырады. Бұл бейнебаян өткеніміз бен болашағымызға көркем шолу жасап, болуы мүмкін қауіптерден сақтандырады.
QOLYNDY BER жобасының түсірілім тобы:
Director: Askhat Bayanov
Director of photography: Nursultan Bazarbay
Producer: Nurila Shakirova
Production design: Altynbek Mazhitov
Assistant of production design: Alisher Nurlanov
Second assistant of production design: Amanzhol Askarys
Choreography: Kamilla Rakhmetulayeva
Make-up artist: Erke Ibragim
Style: Tansholpan Omarova
Stylist assistant: Alua Kenzhebek
Admin: Abylaykhan Dauletiyarov
Second admin: Timur Abayev
Craft: Assem Kereykulova
Stunt group: Ruslan Padaruev, «Nomad Stunts» International stunt group
QOLYNDY BER әні Берлиндегі Jazzanova Recording Studio-да (JRS) неміс музыканттарының қатысуымен жазылды. JRS – 2013 жылы негізі қаланған Еуропадағы озық дыбыс жазу студияларының бірі.
Maqpalsher 2019 жылы Лондондағы The Brunel Museum сахнасында «AUA» концептуалды концертін өткізген болатын. Белгілі британ ақыны Дэвид Куконың өлеңдерін ағылшын тіліне аударды.