​Арыстанбек Мұхамедиұлы әзірбайжандық танымал музыканттар Мұстафа Мехмандаров пен Муртуза Бюльбюльмен кездесті

Жаңалықтар
198

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әзірбайжандық танымал музыканттар Мұстафа Мехмандаров пен Муртуза Бюльбюльмен кездесті.
Сондай-ақ кездесуге Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің кеңесшісі Агаджавид Рамазанов қатысты.

«Сіздерді түрік мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін іс-шараларға қатысуға шақырамыз» - деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Өз кезегінде, Дүйсен Қорабайұлы мен әзірбайжандық делегация министрге жылы кездесу үшін өз алғысын білдірді. Арыстанбек Мұхамедиұлы делегацияға Қазақстанға келгені үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мерейтойға арнайы әзірленген «Кара Караев» ескерткіш сыйлығын ұсынды.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...