- әдебиеттердің ашық қорында ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету; - дәстүрлі және электронды түрде ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау; - электрондық ақпараттарға қолжетімділікті ұйымдастыру; - дәстүрлі карточкалы каталогты ұйымдастыру және жүргізу; - оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету; - электрондық каталогтан ақпарат іздеу және тапсырысты жүзеге асыру жөнінде кеңес беру; - білімнің барлық салалары бойынша электрондық басылымдар қорын CD, DVD-де ұсыну; - стандартты бағдарламаларды дербес пайдалану үшін компьютерлер ұсыну; - баспа құжаттарын сканерлеу; - мәтіндерді басып шығару; - толықмәтінді дерекқорларға қолжетімділік: - ПАРАГРАФ Қазақстан заңнамасы бойынша толықмәтінді электрондық дерекқоры. Дерекқорда нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері, заңгер-ғалымдар мен тәжірибешілердің заңнамаға түсініктері, Жоғарғы Соттың және республиканың басқа соттарының шешімдері, сот тәжірибесінің шолулары, халықаралық құқық құжаттары; Қазақстан Парламенті қарастырған заң жобалары; құқықтық және іс құжаттарының үлгілік түрлері және басқа маңыздылығы кем емес құжаттар қамтылған. - ЭТАЛОН нормалар, ережелер, стандарттар, нұсқаулар, құралдар, сондай-ақ Қазақстанның, Ресей және басқа елдердің ілеспе нормативтік құқықтық актілері қамтылған; - EastView (орыс тілінде) Ресейдің гуманитарлық ғылымдар бойынша жетекші мерзімді басылымдары – Ресей ғылым академиясы институттарының археологиядан бастап лингвистикаға дейінгі салаларды қамтитын «қалың журналдарға» дейін, әйгілі «Новый мир» журналы мен тәуелсіз ғылыми журналдардан бастап қамтылған. Тақырыбы: тарих, мемлекет және құқық, жаратылыстану, әдебиеттану, медицина және денсаулық сақтау, ғылым және техника, философия, экономика, этнография; - EBSCO (ағылшын тілінде) экономика, бизнес, менеджмент, әлеуметтану, саясаттану, ақпараттану және басқа ғылымдар жөніндегі басылымдарды қамтиды, барлығы 14000 астам журналдар, бизнес-талдау құжаттары, нарықтар мен компаниялар жөніндегі есептер және т.б. - Polpred.com әлемнің жетекші ақпараттық агенттіктерінің басты хабарламаларының толық мәтіндерімен бірге баспасөз шолуы қамтылған. Дерекқордың рубрикаторы: / 26 сала / 600 дерек көздері / РФ 8 федералдық округтері / 235 елдер мен аймақтар / басты материалдар / 3000 бірінші тұлғалардың мақалалары мен сұхбаттары.
Оқырман залындағы ашық қорда ұсынылған:
1. Білімнің барлық салалары бойынша электрондық басылымдар CD, DVD; 2. Библиографиялық басылымдар. 3. Анықтамалықтар, сөздіктер мен энциклопедиялар; 4. Реферативтік журналдар; 5. Жаңа әдебиеттер көрмесі; 6. Дерекқорлар және Интернетке қолжетімділік.
Каталогтар залында келесі баспа каталогтары орналасқан: 1. «Қазақстан кітаптары» қорына: - алфавиттік каталог қазақ тілінде; - жүйелік каталог қазақ және орыс тілдерінде; 2. Жалпы қорға: - алфавиттік каталог орыс тілінде; - жүйелік каталог орыс тілінде (Алфавиттік-пәндік көрсеткішпен жабдықталған); 3. Авторефераттар қорына: - алфавиттік каталог қазақ және орыс тілдерінде; - жүйелік каталог қазақ және орыс тілдерінде;
Каталогтар залында оқырмандар үшін ҚР Ұлттық кітапханасының 17 дерекқордан тұратын электрондық каталогынан құжаттар іздеуге арналған компьютерлер орнатылған.