Шымкентте әйел адам жүкті келіншекті баласының көзінше аяусыз ұрып-соқты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
707

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы аулалардың бірінде түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz azattyq-ruhy-на сілтеме жасап. 

Оқиға кешкі уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Кадрларда әйел адамның қыз баланы шашынан тартып, ұрып, жанында тұрған көлікке соғып жатқанын көруге болады.

«Мен екіқабатпын! Мен жүктімін!» – деп айқайлаған жәбірленуші.

Жақын маңда болған ер адам жанжалды тоқтатуға араласып, әйелді тоқтатқан. Кейін олар подъезге кіріп кетті. Ал соққы алған жүкті әйел жылап қалған.

Шымкент қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілген.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Анықталғандай, жанжал көршілер арасында олардың балаларының арасындағы кикілжіңге байланысты туындаған. Жәбірленуші тарап арызданудан бас тартты. Соған қарамастан, дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal....

СПОРТ

Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай болашақта к...