Кәрі құтырса – жұт болады: Ләйлә Сұлтанқызы «қартайғанда қылық шығарды»

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
119

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасында жастық, жеке өмір, отбасыға қатысты айтылған түрлі сын-пікірлерді келтіреді.

"Кәрі құтырса – жұт болады", "Қартайғанда қылық шығарды", "Жасқа жарасқан – кәріге ұят", "Жасына сай емес қылық", "Ұялмай ма, немере сүйер жасқа келді", "Кеш қалды енді бұған", "Шошаң-шошаң етіп не болды", "Жастық шағын өткізіп алып, енді есін жиды ма", "Ақыл тоқтатар жаста ғой", "Әйел адамға ауырлау енді бұл", "Қартайғанда қыз қуғандай" (кейде әйелдерге де айтылады), "Өзін жас қыздай ұстайды", "Жасы келгенін мойындағысы келмейді".

Менің әрекетім қазақилығымның өлшемі емес. Ана ретіндегі рөлімнің бағасы емес. Ата-анама қандай бала екенімнің дәлелі емес. Бұл – менің еркіндігім. Бұл – менің жұмысым. Бұл – менің нәпақам", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атақты жекпе-жек шебері Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі парақшасында жү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әлеуметтік желілерде исламға, Құранға, Қағбаға, Мұхамм...