Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Ma...
iCloud толды деген хабарламаға сенбеңіз: iPhone ұстайтын қазақстандықтарға алаяқтардан қауіп бары ескертілді
Фото: Pixabay
Қазақстандықтарға бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне қарасты Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет алаяқтықтың жаңа түрі жайлы ескертті.
Мамандардың мәліметінше, алаяқтар iPhone қолданушыларына iCloud қоймасының толып кеткені туралы жалған электрон хаттар, SMS және түрлі хабарламалар жіберіп жатыр. Хабарламаларда аккаунт бұғатталуы мүмкін екені, ал фото, видео мен құжаттардың жойылып кету қаупі бары көрсетіледі.
Бұл хабарламалар ресми сервистердің ескертулеріне өте ұқсас жасалған. Осылайша, пайдаланушыны шұғыл әрекет етуге итермелейді. Көбіне сілтеме арқылы өтіп, жады көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе аккаунтқа қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.
Алайда мұндай сілтемелер фишингтік сайттарға апарады. Онда енгізілген логин, құпиясөз және банк картасының деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі. Мұндай тәсіл тек iCloud емес, Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск секілді өзге де сервистердің атын жамылып қолданылуы мүмкін.