Шахматшы Жансая Әбдімәлік бірінші партияда әлем чемпионын жеңді

Жаңалықтар
908

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласындағы шахматтан Әлем чемпионатына жерлесіміз Жансая Әбдімәлік қатысып жатыр. 



Жансаяның ширек финалдағы қарсыласы - 2015 жылы әлемдік біріншілікте чемпион атанған украиналық Мария Музычук. Бірінші партияда Жансая Әбдімәлік күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді классикалық шахматтың екінші партиясы 13 қарашада болады. Егер есеп тең түссе, онда ертеңіне шахматшылар жеңімпазды тай-брейк арқылы анықтайды. 

Ширек финалдағы алғашқы партияларда ресейлік Екатерина Лагно Қытай өкілі Лэй Тинцзэні жеңді. Ал Анна Музычук (Украина) - Александра Костенюк (Ресей) және Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - Гулрухбегим Тохирджонова (Өзбекстан) кездесулерінде әзірге тең нәтиже тіркеліп отыр.


egemen.kz


Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...