Ұрлыққа туысқанының қатысы бар екені анықталды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
755

Астанада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, – деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, сейфтен алтын бұйымдардың жоғалғанын жеткізген. Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтады. 

"Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды. Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып “ізін суытқан”. Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген" – делінген polisia.kz сайтында. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...