«Ұлы даланың жеті қыры». Тарихымыздың төрт құбыласын түгендеуге түрлі ұлт өкілдері кіріспекші

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
1423

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін  Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдігі жоспар әзірледі.

Осыған байланысты тарихи-археологиялық қозғалыс тобын құрып, ассамблея мүшелері мектеп мұражайларын тарихи жәдігерлермен жабдықтауға кіріседі. Сондай-ақ өлкетану жұмыстарын жандандыруға да атсалысады. 

Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетін жинақтау үшін өңірлерге арнайы топтар жасақтау көзделген. Әзербайжан мен Арменияға ғылыми-іздестіру экспедициясы арнайы мақсатпен бармақшы. «Ол жақта қазақ тарихына қатысты зерттелуі тиіс деректер көп», – дейді ассамблея басшылығы. 

Ғайса Қапақов, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

 – Мысалы, Әзербайжанда Қазақ ауданы бар. Онда ата тегіміз, ұрпағымыз әлі де терең зерттелмеген. Сондықтан әрбір этнос өздерінің тарихи отанында зерттеулерге ғалымдардың баруына, жұмыс істеуіне нәтижелі болуына септігін тигізсе, ол ассамблеяның үлкен рөлі деп есептеймін. 

Рафик Мамедов, Әзербайжан этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары:

 – Менің туған жерім – Әзербайжандағы Қазақ ауданы. Сосын Орал қаласына келдім. Қазақ халқының тарихы үлкен.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...