«Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» кітабының таныстырылымы өтті

РУХАНИЯТ
586

«Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» атты кітаптың таныстырылымы мәжіліс қабырғасында өтті.

Бұл шығарманың авторы мәжіліс дептутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Бақытбек Смағұлов. Кітаптың тұсаукесері Тұңғыш Президент күні қарсаңына арнайы ұйымдастырылған болатын. Осы игі шараға халық қалаулылары мен мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысып, туындының мазмұны мен маңыздылығына орай ой-пікірлерін білдірді. 

Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұловтың бұл шығармасы жеті тараудан тұрады. Мұнда автор тәуелсіз мемлекетіміздің егемендік алмай тұрғандағы кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі кешірген қилы кезеңдерді, шынайы оқиғаларды суреттеп, Елбасының мемлекет негізін қалаушы тарихи рөлін айшықтап ашады. «Сондықтан бұл кітап қалың оқырманға орнықты ой, дәйекті дерек, ұлағатты ұйғарым ұсынады», – дейді тұсаукесерге келгендер. 

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

 - Оқырман қауымды, кітапсүйер қауымды осындай тамаша оқиғамен құттықтағым келеді. Бақытбек Смағұл осы кітапты жазуға нақты хақы бар азамат деп білемін. Өйткені өзі саясаттың ортасында қайнап жүрген азамат. Көзімен көрген нәрсе. Назарбаев тұлғасы – Тәуелсіз Қазақстан ұғымымен біртұтас ұғым. Тұңғыш Президент күні арқылы тәуелсіздігімізді бағамдай түсеміз. Осы орайда Бақытбек Смағұлдың жазған кітабы да оқырманның көңілінен орын табатын біраз түйткілді сауалдарына жауап беретін жақсы еңбек болды деп есептеймін.

madeniportal.kz