Мұрын септумының қисаюын түзету үшін ота жасатқан 30 жастағы Назрин Мансурова комадан шықпай қайтыс...
Елордада құрылысы бітпеген ғимараттардың бірінен өрт шықты
Фото: ашық дереккөзден
2961
Бүгін Астана қаласы Нұра ауданында Қазыбек би көшесі бойындағы салынып жатқан ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ күштерімен өрт алдын ала 40 шаршы метр алаңда оқшауланды.
Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары мен жылытқыш жанды.