Мәдениет саласындағы биылғы басты жоспарлар

Жаңалықтар
435

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы мәдениет саласында қолға алынатын негізгі шараларды атады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"

«Биыл мәдениет саласында Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институтын құрып, институт жанынан Материалдық емес мәдени мұра орталығын ашу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, бірыңғай концерттік кеңістікті қамтамасыз ету, жоғары көркемдік өнім жасау үшін концерттік-гастрольдік қызметті үйлестіру және жоспарлау орталығын ашу көзделген. Сол секілді биыл ғылыми-әдіснамалық білім ресурстық орталығын құрып, министрліктің білім ұйымдары үшін «Мектеп оқушыларының мәдени нормативінің» жобасын әзірлеу жоспарланған», - деді министр Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Сондай-ақ, министр спорт саласындағы жоспарларды да атады. Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін бұзудың алдын алу жөніндегі жұмыс жалғасып, Токиодағы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалардың табысты өнер көрсетуі бағытында жұмыстар күшейтілмек.

author

Ақтоты Райымкұлова

КОМПОЗИТОР

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...