«Ауыл әкімі түн жарымында терезеден үйге кіріп, зорламақ болды». Осылай деп әділді...
Қажытай Ілиясұлының туғанына 85 жыл
Фото: Қари Қуанышбек
Дарынды ақын, атбегі, сазгер, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2009), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2003), Қажытай Ілиясұлы 1939 жылы 21 маусымда ҚХР-ның Тарбағатай аймағына қарасты Дөрбілжін ауданында туған. 27 қаңтар 2013 жылы Алматыда қайтыс болған. 1946 жылы алғашқы сауатын Жайыр деген жерде мұғалім жиен ағасы Қабдолла Емілбаевтан ашады. 1948 жылы Шанқу мектебіне тіркеледі. 1955 жылы Үрімжідегі «Шың-Жаң Тіл институтының (бұрынғы бюро кадрлар мектебі, одан «Шың-Жаң Тіл институты», қазір университет) Қытай тілі факультетін 1959 жылы бітіреді.
"Шыңжан" газеті редакциясында аудармашы, сол газеттің Іле, Тарбағатай аймағындағы меншікті тілшісі болып кызмет істеген. Қазақстанға 1962 жылы қоныс аударған. "Ара" - "Шмель" журналында, “Лениншіл жас” газетінде фельетонист, бөлім бастығы, қазақ теледидарында аға редактор, Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакциясында, "Жазушы" баспасында редактор, "Азамат", "Астана", "Астана дауысы" - Голос Астаны" газеттерінде бас редактор қызметін атқарған.
"Дастарқан" атты алғашқы өлеңі "Шыңжан" газетінде 1959 жылы жарияланған. Лирикалық, сатиралық өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1965 жылдан жарияланып келеді. 2001 жылдан халықаралық "Сорос - Қазақстан" қорының жыр мүшәйрасының жүлдегері. 21 ән мен 3 күйдің авторы. Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты.
Шығармалары:
Қайран жастық. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1974; Усойқы. Сықақ өлеңдер мен мысалдар. А., «Жалын», 1978; Маймылдың мәдениеті. Сықақ өлеңдер мен мысалдар. А., «Жазушы», 1981; Біле білсең. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Қалақай қамшы. Бір томдық сатиралық өлеңдер. «Атамұра», 2001; Тас жарған. Лирикалық өлеңдер. А., «Өлке», 2001.
“Жақсының көзі” бағдарламасы аясында Қажытай Ілиясұлының рухани қазынасы мен өнегелі тағдыры айтылады.