Жиһангез қарияға сый-құрмет көрсетілді. Ол жайында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсман...
М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
Қазақстанда орыс драма театры 1933 жылы Үкімет қаулысымен құрылған болатын.
Театрдың алғашқы режиссеры Ю.Л.Рутковский қойған К.Тренев пьесасы бойынша «Любовь Яровая» премьералық спектаклін – труппа Семипалатинск қаласында ойнады, себебі астанада ғимарат әлі салынып бітпеген еді. Кейін Алма-атада театр А. Афиногенов пьесасы бойынша «Страх» спектаклімен бірге өзінің ұзақ және жарқын шығармашылық жолын бастады. Ю. Л. Рутковский, театрдың алғашқы актерлары Е. Кручинина, З. Морская, С. Ассуиров, М. Бранд және басқалар шығармашылық ұжымды қалыптастырды, ол көп кешікпей мойындалып және көрермендер көңілінен шықты.
Орыс драма театрының «алтын қорын» жасауға атақты режиссерлар Л. Варпаховский, М. Гольдблат, Г. Товстоногов, Б. Бибиков, О. Пыжова, А. Ридаль құнсыз үлестерін қосты.
Ұзақ жылдар бойы Лермонтов театрының сахнасында А. Мамбетов, Я. Штейн, А. Соломарский, С. Казимировский, М. Сулимов, А. Мадиевский сияқты марқасқа және талантты режиссерлардың спектакльдері жетістікпен көрсетілді. Әртүрлі жылдары театрлық қойылымдарда қазақ өнерінің керемет қайраткерлері жарқырады, олардың ішінде КСРО халық әртістері Х. Букеева («Иван Грозный»), Ш. Айманов («Глубокие корни»), Қазақ КСР халық әртісі Н. Жантурин («Порт Артур»).
1964 жылы театрға Михаила Юрьевич Лермонтов аты берілді – «лермонтовлықтар» сөзіне барлық театрды жақсы көретіндер үйреніп кетті. Осы поэтикалық анықтама астарында белгілі және сүйікті әртістердің, талантты режиссерлар мен театрдың барлық қызметкерлерінің – суретшілер, гримерлар, декораторлар, костюмерлердің үлкен тату ұжымы тұр...
1969 бастап 1974 жылға дейін театрды Қазақ КСР халық әртісі Мар Сулимов басқарған. Оның басшылығымен көптеген керемет спектакльдер қойылды. Біздің театр жетістіктерінің алтын қорында оның спектакльдері - Ф.Абрамов пен В.Токарев «Две зимы и три лета», А.Вампилов«Утиная охота».
1975 жылы Мәскеудегі жетістікті гастрольдерден кейін театрға жоғары «Академиялық» атағы берілді.
1983 жылы театр ұжымы Халықтар достастығы орденімен марапатталды.
2000 жылдың наурызында театр өнерін дамыту бойынша жемісті еңбегі үшін театр ұжымы ҚР Мәдениет комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сол жылы «Эзоп» спектаклі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Премиясына лайық деп танылды. Осы спектакльдегі жұмысы үшін режиссеры Рубен Андриасян, суретшісі Владимир Кужель, актерлар Ирина Лебсак, Юрий Капустин және Сергей Погосян мемлекеттік сыйлықпен марапатталған.
2001 жылы ТМД және Балтық елдерінің орыс театрларының халықаралық «Встречи в России» (Санкт-Петербург) фестивалінде С. Мрожека пьесасы бойынша «Танго» спектаклін көрермендер жылы қабыл алды және театр сыншылары жоғары бағалады.
Соңғы жылдары театр «Соотечественник» (Саранск қ.) халықаралық орыс драма театрлары фестивалі, «По шелковому пути» (г. Мюльхайм, Германия) халықаралық фестивалі, Жібек жолының халықаралық театр фестивалі (Сеул қ., Оңтүстік Корея) тәрізді ірі театралдық форумдарда отандық мәдениетті лайықты ұсына отырып, қазақстандық және халықаралық фестивальдарға белсенді қатысады.
2003 жылдың қарашасында театр негізі қаланған күннен бастап 70 жылдығын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лермонтов атындағы театрдың көптеген қойылымдары көп ұлтты Қазақстанның мәдени өмірінде өтпес із қалдырғандығын атай келе, ұжымды мерейтойымен құттықтады. Труппаға сәтті шығармашылық ізденімді тілей отырып, елбасы «аса көрнекті ұжым біздің мемлекеттің мәдени және рухани потенциалын сақтау және көбейту үшін бар күшін салатындығына» сенім білдірді.
2012 жылы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин театр мекен-жайына алғыс хат жіберді, онда ол «орыс театр өнерін дәріптеуге, Қазақстан Республикасында орыс мәдениетін сақтауға, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлесін» жоғары бағалады. Ұжым үшін осы жоғары мәртебе және салмақты награда орыс драмасы Қазақстанның театр өнерін абыроймен ұсынып және әлемдік мәдени кеңістікке сәтті бірігуінің куәлігі болып табылады.
Жақындағы жетістіктерінің бірі – Е. Аманшаевтың «Балкон» және К. Мухамеджанов пен Ч. Айтматовтың «Восхождение на Фудзияму» спектаклі театральдық фестивальдер лауреаттары болды. Соңғысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған. 2013 жылы «Восхождение на Фудзияму» спектаклі «Радио России. Культура» үшін жазылды.
2013 жылдың қарашасында аты аңызға айналған Мәскеу Көркемдік Театры сахнасында Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдері үлкен жетістікпен өтті. «Таңқаларлық осы жылы күз күндерінің елесі әлі ұзақ уақыт көрермендерде жарқын естеліктерді еске түсіріп, ал шабыт қуаты актерларға эмоциялық серпіліс толқынында болашақ гастрольдер үшін жаңа спектакльдер туғызу үшін отандарында керек болады» (Татьяна Каверзина, «Страстной бульвар 10», 2014 ж. № 6).
2014 жылдың сәуірінде Игорь Гонопольскийдің «Отель двух миров» спектаклі ұйымдастырушысы ретінде «Балтийский дом» театры әрекет ететін жыл сайынғы орыс театрларының «Встречи в России» (Санкт-Петербург қ.) фестиваліне қатысты. Лермонтов актерлары «Балтийский дом» петербургтық театры сахнасынан оқыған «Сену талабы және махаббат туралы өтініші бар» хаттың сүйектен өткендігі соншалықты, көрермендерді орамалдарын алып шығуға мәжбүрлері (...). Және қол шапалақтаулар геосаяси әдептілік талабы сияқты формальды емес, шыншыл болды. (Алик Шик, «Время», 22.04.14).
Бүгінгі күні театр труппасында екі халық әртістері, 16 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері және еңбек сіңірген әртістері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының бес лауреаттары, РФ Мемлекеттік сыйлығының бір лауреаты бар.
Үш онжылдық бойында Лермонтов атындағы Театрдың шығармашылық ұжымын Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рубен Андриасян басқарып келеді. Оның Г.Гориннің «Поминальная молитва» спектаклі туралы сыншы былай деп жазған: «Мен ерте ме, кеш пе, бірақ театр репертуарында ұлы зат пайда болатындығына сендім. Еш күдіксіз «Поминальная молитва» - бұл Лермонтов театрының жұлдызды сағаты деп айтамын. Мүмкін театр тарихында болғандардың ең үздігі болар. Осындай дұға «көздің қарашықтарын жан дүниеңе бұруға» қабілетті – оның күші ақылға сыйымсыз...».
Ұрпақтар сабақтастығы – театралдық үрдістің маңызды құраушысы, театрдың заманауи жағдайларда сәтті жұмыс істеуінің кепілі. Труппаны жаңарту, Лермонтов атындағы МАОДТ шығармашылық ұжымын Жүргенов атындағы Академия түлектерімен толықтыру үнемі орын алады. Соңғы жылдар ішінде театрға жас, талантты, болашағы мол әртістер тобы келді, олардың ішінде ҚР халық әртісі, көркемдік жетекші Р.С.Андриасянның шәкірттері – Ирина Кельблер, Камилла Ермекова, Илья Шилкин, Кристина Храмова, Виктория Павленко, Роман Жуков, Дмитрий Багрянцев.Жаңа есімдерді ілгерілету Интернетте театрдың ресми блогын жасау есебінен орындалады, оның пилоттық шығарылымы 2014 жылдың маусымында басталған.
Шетелдік әріптестердің қатысуымен семинарлар, практикумдар және мастер-класстар ұйымдастыру теартдың әлемдік мәдени кеңістікке бірігуіне ықпал етеді, өзара оң тәжірибемен алмасуды болжайды, және ақыр соңында біздің актерлар мен режиссерларға «өздерінің шырынында пісуге» жол бермейді. Роман Виктюктің 2008 жылы Лермонтов атындағы Теартдың негізгі сахнасында өткен мастер-классы үлкен қоғамдық резонанс туғызды. Сәтті мастер-класстан кейін Р.Г.Виктюк МАОДТ-на спектакль қоюға шақыру алды. Қойылым жетістікке жетті. Ағымдағы репертуарды, оның артықшылықтары мен кепшіліктерін кәсіби талдау үшін театр әкімшілігі Қазақстанға жақын шетелдегі үздік театр сыншыларын жиі шақырады. Атап айтсақ, 2014 жылдың маусымында Ресейдің театр қайраткерлері одағының ұйымдастырушылық-шығармашылық бөлімінің сын кабинетінің меңгерушісі Макарова Элеонора Германовнаның Алматыға жұмыс сапары өткізілді. РФ мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткерінің келуі Владимир Молчановтың америкалық драматург Ричард Нэштің пьесасы бойынша «Продавец дождя» спектаклінің премьерасына тура келді. Бір апта бойы Элеонора Макарова орыс академиялық драма театр қойылымдарын көрді. Кейін үздік театр сыншысының труппамен толық, ашық, және сөзсіз, барлық жағынан пайдалы диалогы өткізілді. Макарова ханым актерлік шеберліктің жоғары деңгейін және кәсіби деңгейдің тұрақты арттырылуын аса атап өтті. Өткен онжылдықтар ішінде Лермонтов атындағы театр репертуарында көптеген інжулер жиналды. Бұл Ю.Домбровскийдің «Факультет ненужных вещей» спектаклі, оны біздің театр ғана қойған. В. Толоконников Шариков рөлінде ойнаған М.Булгаковтың «Собачье сердце» (Спектакль аттас фильм экранға шыққанға дейін қойылған болатын) және біздің гастрольдер кезеңінде мәскеулік сыншыларды таңқалдырған В.Дозорцевтың «Последний посетитель» спектакльдері. Және әрине Чехов спектакльдері «Три сестры», «Вишневый сад», «Иванов». Театрдың Қазақстан Республикасындағы миссиясы бірегей – театр ұлттың рухани байлығын насихаттайтын және сақтайтын орыс мәдениетінің флагманы болып табылады. Бұл ретте Лермонтов театры – бұл ерекше Достық үйі болып табылатындығына көз жеткізу үшін кез-келген премьера немесе спектакльге келу жеткілікті.
2013 жылы М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 80-жылдық мерейтойын атап өтті. Республикадағы ең көне және әйгілілердің бірі бола отырып ол классикалық теарт мектебінің дәстүрлеріне және ұрпақтар сабақтастығы принципіне адал болып қалуда. Шынайы рухани, мәдени, этикалық және демократиялық құндылықтарды сақтау театр үшін айқын адамгершілік заң болып табылады.