«ДАРЫН» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Жаңалықтар
2571





2018 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері ресми түрде жария етілді. ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың қаулысына сәйкес, 10  номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мыналарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін:


"Эстрада" номинациясы бойынша 

әншілер - Рахым Қуандық Нұрғазыұлы, Садырбаев  Ернар Бексұлтанұлы;


"Классикалық музыка" номинациясы бойынша 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі Жармағамбетов Расул Қайратұлы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Солтыханова Роза Алтынбекқызы;


"Халық шығармашылығы" номинациясы бойынша

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының республикалық айтыс орталығының жетекшісі Байтуов Біржан Қаниұлы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Тілепбергенов
 Абылай Жанболатұлы;


"Әдебиет" номинациясы бойынша

журналист, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Арықбаев Бағашар Тұрсынбайұлы және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы "Абай атындағы театр" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қарт Мерей Мейіртайұлы;


"Театр және кино" номинациясы бойынша

"Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі Бекболатова Әйгерiм Серікқанқызы және "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Сәбит Мұқанов атындағы Мемлекеттік қазақ музыка-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі Молдағали Фархат Ерланұлы;


"Спорт" номинациясы бойынша

WTF таэквондодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2017 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы  Әбдраш Аян Әлжаппарұлы және бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионы (Германия, Гамбург 2017), бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, 2013), бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері (Тайланд, 2015) Ералиев
 Қайрат Құттыбайұлы;


"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы бойынша

Қазақстан жас суретшілер одағының мүшесі, Шымкент қаласы білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназия" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының мұғалімі Жетпісәлиев Бауыржан Мұратұлы және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан жас суретшілер одағының мүшесі Үсенбаев Дулат Болатұлы;


"Журналистика" номинациясы бойынша

"Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы "Хабар 24" телеарнасының "Анығын айтқанда" ақпараттық-талдау бағдарламасының авторы және жүргізушісі Беркінбаев
 Олжас Уәлиханұлы және "Айғақ" телерадиокомпаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы Тойболова Салтанат Хайроллақызы;


"Қоғамдық қызмет" номинациясы бойынша

"Ару-Тас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты" қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің мүшесі Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы және "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы;


"Ғылым" номинациясы бойынша

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының генетика және микроорганизмдер биохимиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Ақышев Жігер Дастанұлы  және "Құқықтану" мамандығы бойынша философия (PhD) докторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының азаматтық және экологиялық құқық кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы Хасенов Мүсілім Қанатұлы


2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2018 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 000 (алты жүз мың) теңге сомасында белгіленсін.


3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


madeniportal.kz

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...