Театрдың тууы, тұңғыш спектакльдер, репертуар және режиссура мәселелері1926 жылы қаңтарда ресми түрд...
Ертіс өңіріндегі Ж.Аймауытов атындағы театрда жаңа маусым шымылдығы түрілді
Жаймашуақ жаздың соңғы күні Ертіс өңіріндегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді.
Бүгін көрермен назарына Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі ұсынылды. Қазақтың заңғар жазушысының дәл осы пьесасы осыдан 29 жыл бұрын өнер ошағында алғаш рет сахналанған екен.
Жаңа маусым көрермендерді қандай жаңалығымен қуантады?
Бұл Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының 29-шы маусымы. Дәстүр бойынша киелі ордада қазақ драматургиясының жауһар туындысы, «Айман-Шолпан» пьесасы сахналанды. Егемен Қазақстанның құрылған шағында ашылған театрды күллі әлемге танытқан да осы драмалық комедия. Сонау 90-жылдары ҚР-ның мәдениет қайраткері Ерсайын Тәпеновтің бастамасымен Алматыдан бір топ жалынды жас келіп, Ертіс жерінде қазақ өнерінің дәнін сепкен болатын. Сол кездегі жастар театр әртістерінің бірнеше толқынын тәрбиелеп өсірді.
Театр майталмандары жас өнерпаздармен мол тәжірибелерімен бөлісіп, ағалық ақылын айтудан таймаған.
Театр репертуарындағы Ғабит Мүсіреповтің «Атау кересі» мен Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» спектакльдері және «Айман-Шолпан» қойылымы да бар.
Сонымен қатар бүгінде театрдың репертуарында отандық және шетелдік драматургияның озық үлгілерінің жүзден астам туындысы тартылған. Атап айтқанда, қара шаңырақта Чеховтың «Чайка», Шекспирдің «Король лир», Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз» сияқты қойылымдары сахналанды.
Madenietportal.kz