Көроғлыға қазақ мүсіншілері Түркияда ескерткіш оранатты

Жаңалықтар
2543

Күллі түркі жұртына ортақ Кероғлыға арналған ескерткіш Түркия елінде тұрғызылды. Осы ерекше туынды қазақ шеберлерінің қолыннан шықты

Болу шаһарына орнатылған ескерткіш үш бөліп жеткізілген болатын. 

Көлемі 5 мың шаршы метрден астам Көроғлы саябағындағы бұл ескерткіщтің биіктігі 70 метр. Тегі Болу шаһары теңізден 700 метрдей биік тұр. Көк тіреген тарихи алып мүсін қаланың қай тұсынан қарасаң да мен мұндалап тұрады. Осы керемет дүниені жасауға түркі халықтарының сәулетшілері мен мүсіншілерінен көптеген жоба түскенмен конкурста қазақ жобасы алдына жан салмады. Авторы белгілі мүсінші Мұрат Мансұров пен сәулетші Еділ Түсіпбеков. Олардың есімі еліміздегі бірқатар белгілі жобалар арқылы таныс. Осы орайда Алматыдағы «Тәуелсіздік», Астанадағы «Қазақ елі» монументтері, «Мәңгілік ел», «Қазақ хандығының 550 жылдығы» кешендерін атап өтуге болады. 

Мұрат Мансұров, мүсінші: - Болу қаласының басшылығы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірігіп, алғаш рет ашық түрде халықаралық конкурс жариялаған болатын. Бұл текті конкурстар, сәулетшілер мен мүсіншілердің ең үздік туындыны жасап шығуына түркі болады. Конкурстың жеңімпазы ретінде ескерткіштің ең жоғарғы жеңгейде бой көтеруіне бар күш жігерімізді жұмсап отырмыз.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...