Қызылорда, Шымкентте мектепте еден жуушы болу үшін 500 мың теңге сұрайды – депутат Мұқаев

Жаңалықтар
373
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік саладағы жемқорлықтың тым асқынып кеткенін айтты.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік саладағы жемқорлықтың тым асқынып кеткенін айтты. Парақорлық Қызылорда, Шымкент жақта әбден қалыпты жағдайға айналған. Ол оңтүстік өңірлердегі мектепке қарапайым еден жуушы болып орналасу үшін 500 мың теңге пара сұрайтынын айтты, – деп хабарлайды madeniportal.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


«Қазір қарасақ, жемқорлығы жоқ сала жоқ. Бала дүниеге келгеннен бастап қайтыс болғанға дейін сүйемелдейді. Мысалы, Алматыда өле қалатын болса таудың маңайы, Кеңсайдың маңайы дейді. Бала дүниеге келсе жақсы дәрігер, перзентхана керек деп іздейді. Бала әр кезеңде балабақша, мектеп, университетке барады. Одан кейін үйленіп, отбасы болғанда үй керек. Үйдің кезегі келеді. Осылардың барлығына жұмысқа орналасу керек. Әсіресе, маған Қызылорда мен Шымкенттен хат көп келеді. Жай ғана еден жуушы болып орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды. Мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 млн теңге болып кеткен. Осындай хаттар келгенде Антикорға хабарласыңыз деп 14-24 нөмірін беремін»,– деді Мұқаев. 

Депутат осы желінің жұмысындағы алгоритм жайлы сұрады.

«Жемқорларға қатысты хабар бергендерге сыйақы беріледі. Осы жайлы да айтып беріңізші. Жемқорлықпен халық болып күресейік», – деді Мұқаев Антикор өкілі Саян Ахметжановқа қарата.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов қазіргі таңда Антикор өңірлік департаменттермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«14-24 желісі тәулік бойы жұмыс істейді. Тікелей қылмыстар мен тәуекелдерге байланысты хабарламалар да осыған кіреді. Әр қалада департаментте күнделікті қабылдау жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...