Қазақ романы қалжырады ма?

ӘДЕБИЕТ
2197

«Мәдениет порталы» бетінде соңғы он жыл көлеміндегі жазылған он романды атап көрсетсек деген ұсыныс жасап едік. Біраз сыншылардың да аты-жөндерін арнайы баттитып жаздық. Еш қайран болмады. Әлде үміт артқан сабаздарымыз біздің порталға көз салмады ма? Яки немқұрайлылық жағы басым болды ма? Мүмкін ауыз толтырып атайтын он роман табылмады ма?

Рас, Аскерхан Ақтайға шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Ол,  Ә.Асқаровтың "Өр Алтай" мен қайтейін биігіңді" және   Ж.Әлмашұлының "Бақидан келген келіншек" романдарын атапты. Сондай-ақ: «Ж.Әлмашұлының "Бақидан келген келіншек" роман-драмасын соны стильде жазылған ерекше туынды қатарына жатқызар едім. Бұл тың туынды. Екі бірдей жанрдың жүгін көтеріп тұр. Ал "Өр Алтай" мен қайтейін биігіңді" атты Ә.Асқаровтың романы боямасыз, қарапайым, таза күйінде шынайы қалпында жазылғандығымен ұнады» деген екен.

Осындай лебіз күткен сыншыларымыз: Амангелді Кеңшілік, Құлбек Еркөбек, Бағашар Тұрсынбайұлы, Бақыт Сарбала, Әмірхан Меңдеке, Қасым Аманжол, Бегабат Ұзақов, Әлия Бөпежанова, Амангелді Мұқан және т.б. үнсіздік танытты... Тек, Бағашар Тұрсынбайұлы ғана «Бір роман сұрау үшін біздің жеп жүрген нанымыды сөз қылған несі? Мен екі роман айтайын. Әбіш Кекілбайұлының "Аңыздың ақыры", Ж. Шаштайұлының "Аяз би" романы» деді. «Нан» туралы сөздің төркіні: сыншы қауымның нанды сыннан тауып жүрмегені жайлы еді. Бұл орайда Ә.Кекілбаев пен Шаштайұлының романдары ертеректе жазылғанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар Ділдәр Мамырбаева: «Жақсылық Сәмитұлының "Қаһарлы Алтайы" атақоныстан ауған қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, көрген қиындықтары мен Оспан батырдың бейнесі туралы тамаша жазылған» деп атап өтіпті.

Айнур Найманбай: «Ж.Әлмашұлының "Бақидан келген келіншек" романын атар едік. Бұл оқиғалар желісі барынша ықшам, стилі өзгеше, жаңа форматтағы шығармалар» деп ерекшелігіне тоқталыпты.

Енді өз тарапмыздан қузау жасар болсақ, мына туындылар туралы неге ештеңе айтпайсыздар: А.Алтай "Сират", Қ. Жиенбай "Жер үстінде жұмақ бар", Ы.Дәбей "Жылқы атылған жаз", Ж. Әлмашұлы "Қорғансыздың түні" (ең қысқа романдар), Қ.Түменбай "Түрмедегілер", Т. Сәукетай "Мен жындымын", Жүсіпбек Қорғасбек "Көкжалдар", М.Мағауин "Жармақ", Т.Нұрмағамбетов "Рухтар көкке кетеді"... Ә.Асқаровтың "Өр Алтайы" мен қайтейін биігіңді"...  бірақ, бұл роман ғасыр басында шықса да жақсы шығарма екеніне дау жоқ... Тек, әңгіме соңғы он жылдық деген соң, сол ауаннан аумағанымыз жөн секілді.

Сөз реті келген соң айта кеткен жөн болар: осы роман жанрында өнідірімді еңбек етіп, соның ішінде қысқа форматтағы жазу тәсілін қалыптастырып, жаңашылдық әкелген Ж.Әлмашұлының "Тар дүние" - трилогиясы, ол үш романды біріктіреді ("Күлкі мен көз жасы". "Оянған ұрпақ", "Ұмытылған ұрпақ). Екіншісі: "Ащы да тәтті өмір", дилогия, әрқайсысы қысқа-қысқа үш романды біріктіреді, атап айтсақ: Бірінші кітап- "Бақидан келген келіншек", "Жатпланеталық жігіт", "Бумеранг"; екіншісі - "Абыз-ғұмыр", "Олигарх және Олимп", "Интерадам"..

Бұлардың бәрі де осы он жыл аясында жазылды, ең ерекшелігі өте қысқа романдар. Көлемі - 100 беттің ар жақ-бер жағы ғана. 

"Күлкі мен көз жасы" мемсыйлыққа ұсынылып,өкінішке орай соңғы турдан өтпей қалған көрінеді.

Бүгінгі таңда шағын роман жаза білу - заман талабы! 100-120 бетке бар ойды сыйғыза алсақ керемет емес пе!

Қысқа форматтағы романның басты ерекшелігі неде десек: алдымен мұнда терең идея болуы шарт; сосын дараланған образ; сосын көркем тіл; сосын шымыр оқиға, композициялық мығымдық деп айтар едік. Осы орайда Ж.Хамай: «Гунаажавын Аюрзананың "Қар романы" - айтар ойының салмағы, жаңашылдығы, əлемде қалыптасқан роман құрылымын / тіл, ой, суреттеу тəсіл, көлемі.../ жаңа биікке көтерілгендігімен тəнті етеді.

Сүйіп оқып, қазақ тіліне аудардым. 

Себебі? Себебі көп, ең бергісі Азия құрлығынан шыққан жазушыларда мұндай жаңалық ашқандары кемде-кем.» деп пікір қалдырған болатын. Аталмыш романның көлемі он шақты бет қана.

Жалпы әлемдік әдебиеттегі орын алған үдерістің бірі форма ықшамдығы. Соның алғашқы жолбастарының бірі Э.Хемингуей еді.

Сөз аяғын "Қазақ романы қалжырады ма?" немесе "Қазақ роменының халі қалай?" деген сұрақпен тұжырымдасақ па екен? «Үмітсіз шәйтан» дегендей әлі де көзі қарақты қазақ оқырмандарынан пікір тосамыз.

З.Самалбекұлы

author

Заман Төлеуов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...