Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы

МУЗЕЙ
8401

Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Гурьев облысы бойынша ұйымдастыру комитетінің 1939 жылғы 22 шілдедегі № 23 «Облыстық музейді ашу туралы» қаулысымен ашылған. Ал 1940 жылы 5 қарашада жалпы көлемі 240 шаршы метрлік орыстың бұрынғы шіркеу үйі (1886 жылы негізі қаланған, қазіргі Әйтеке би, бұрынғы Орджоникидзе көшесіндегі №14 үй) орнында ресми түрде ашылып, барлығы 300-дей жәдігермен алғашқы көрерменін қабылдады.

Қазақстан мұнайының 100 жылдығына байланысты 1999 жылы 3 қыркүйекте лайықталып өңделген Б.Момышұлы көшесіндегі № 3, екі қабатты бұрынғы мәдени – ағарту училищесі ғимаратына көшірілді. Ғимараттың жалпы көлемі - 3658 шаршы метр, экспозициялық көлемі – 916,72, қор сақтау бөлімі 89,19 шаршы метрді құрайды. Мұражайдың ашылуы рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатынасып, қолтаңбасын қалдырды.

Өлке шежіресінің ордасына қаланың орталығынан орын беріліп, халықтың өз тарихымен жақын танысуына, мұражай қызметкерлеріне жаңа ғасыр табалдырығын жаңа ізденіспен бастап, көне ғасырлар қойнауынан бастау алар төл тарихымызды сан қырынан жарқырата көрсетуіне мүмкіндік туды.

Бүгінгі күні өлке тарихының негізгі кезеңдерін зерттеп, білім алудың дерек көздеріне айналған мұражайдың қорында 59 298(01.07.2016) (бөлімшелерімен қоса есептегенде 93040) жәдігер жинақталған.

Мұражайдың бөлімшесі, оның ішінде 3 аудандық, 1 қалалық, 4 ауылдық мұражай және 1 тарихи-қорық жұмыс жасайды. Олар:

- Құрманғазы аудандық мұражайы ;

- Исатай аудандық мұражайы;

- Индер аудандықмұражайы;

- Палеонтологиямұражайы;

- Х.Ерғалиев атындағы мұражайы;

- Елтай ауылдық мұражайы;

- Б.Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» мұражайы;

- Махамбет Өтемісұлы атындағы әдеби- мемориалдық мұражайы;

- М.Өтемісұлы атындағы тарихи – қорығы.

Мұражайында ғылыми қор, жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу, археология ғылыми-зерттеу, этнография және өлке табиғатын ғылыми-зерттеу, экспозициялық-көрмелік жұмыс, экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімдері жұмыс жасайды.

Бүгінде мұражайдың құнды жәдігерлері«Тылсым дәуір», «Этнография», «Археология», «Өлке табиғаты», «Өлке тарихы ХІІ-ХХ ғ.І – ші жартысы», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы», «Өлке мәдениеті мен әдебиеті», «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залдары арқылы көрермен назарына ұсынылған.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...