Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі

МУЗЕЙ
7412

Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі Атырау облыстық халық ағарту комитеті депутаттар қенесі №308 шешімінің негізінде 1990 жылы 15 қарашада ұйымдастырылды.

Музей 1992 жылдың 2 сәуірінін бастап ашылып Атыраулықтар мен қала қонақтарына қызмет көрсетіп келеді.

Экспозицияның негізін Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің суретшілер көрмесінің дирекциясы ұсынған туындылар құрайды.

1999 жылы облыс әкімшілігі Қазақстан Республикасының мүнай өнерқәсібінің 100-жылдығына орай «Қазахойл» (ҚазМұнайГаз) ұлттық мұнай газ компаниясының қаражатына музейдің жаңа ғимараты жонделген.

Музейдің жалпы аумағы: 991,9 м2      

Көрермен негізгі әсем безендірілген 8 экспозиция бөлімдерімен танысады:

1.    Орталық бөлім (1950-1970 ж.ж. аралығы)

2.    Көне Маңғыстау өнері

3.    Көне дәуір болімі

4.    Қазіргі кезең бейнелей өнері

5.    Графика

6.    Графика

7.    Қолданбалы –сәндік өнер

8.    Ш.Сариев-кескіндемесі

Қордың алғашқы құрамы-1211 жұмыс. Соңғы жылдары музей коллекциясы жергілікті және республикалық суретшілердің еңбектерімен толықтырылды.

Қазір музей қорында 1294-жәдігерлер жинақталған. (кескіндеме, графика, қолданбалы-сәндік өнер бұйымдары).

Солардың ішінде Қазақстанға белгілі график суретшілер Ә.Қастеев, К.К.Ходжиков, Ү.Әжиев, В.И.Антощенко-Оленев, Э.И.Бабад, К.Я.Баранов, Е.Бесембинова, А.С.Бесембинов, Н.Гаев, А.А.Гурьев, Т.И.Говорова, А.А.Дячкин, И.Н.Исабаев, А.Исамаилова, И.Е.Квачко, М.Кисамединов, С.В.Кукуруза, Т.Мұқат, Б.П.Пак, Е.М.Сидоркин, И.Я.Стадничук, В.В.Тимофеев, Ш.Сариев және тағы басқалары; ҚР кескіндеме майталмандары-С.А.Мамбетов, Т.М.Исмаилов, С.Романов, Ж.Шарденов, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұхамедов, М.Қалимов, М.С.Кенбаев, А.Сыдыханов, жергілікті суретшілер-Қ.Доснязов, Ж.Аралбаев, А.Айтмағамбетов, Қ.Аманов, Ә.Жантасов, Р.Слекенов, С.Қарибаев, Э.Жумабаева және басқалары; қолданбалы-сәндік өнер туындылары іскер шеберлер С.Бапанова мен А.Бапанов, Л.Калимова, К.Айткалиев, А.Назарқұлов т.б.

            Музей жұмысы қорды сақтау мен ғана шектелмей қорды жәдігерлермен толықтыруда, үнемі облыстық, республикалық қөрмелер, музейден тыс жылжымалы көрмелерде ұйымдастырылады.

Көрермендерді әсемдікке баулу  бағытында да жұмыстар жүргізіледі. Музей жанынан дарынды балаларға арнайы бейнелеу өнер студиясы жұмыс істейді. Қала мектептерінің 25 тен астам оқушылары осы бейнелеу өнер студиясында өздерінің бейнелеу өнер барысындағы оқу дағдыларын мыңдап жалғастырады. Оқуға барлық жағдай жасалынған. Дәрісті қәсіпқой ұстаз-суретшлер береді.

Облыстағы белгілі суретшілер мен көрмелер, конкурс-байқаулар, кездесулер өткізіліп тұрады.

Музей әкімшілігі ағарту, ғылыми-практикалық қызметке көп көңіл бөліп, алдағы уақытта Қазақстан суретшілерімен біріге құнды, қызықты көрмелер өткізуге жұмыстанады.

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...