Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен суреттер жариялады

Жаңалықтар
2598

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Испаниядағы "Любовь уставших лебедей" әніне түсіріліп жатқан бейнебаяннан бірнеше кадр жариялады.

Айта кетейік, "Любовь уставших лебедей" әнінің авторы - композитор Игорь Крутой. Ол қазақстандық әншінің Ресейде жетістікке жететінін болжаған. Димаш Құдайберген композитормен бірге бірнеше рет ән шырқаған. Бұл әнді бірінші болып канадалық әнші Лара Фабиан айтқан. "Игорь Крутойдың шақыруын қуанышпен қарсы аламын, бұл мен үшін құрмет. Сіздер "Песня года" концертін ауқымды екенін білесіздер, ол Олимпийскийде өтеді. Оған қоса Игорь Крутойдың сүйемелдеуінде ән шырқау деген... Мен ол концертке қатысуды ұйғардым", - деді Димаш Құдайберген. Қазіргі уақытта әнші The World's Best шоуында ( CBS телеарнасында өтетін байқау) төрешілерді ән шырқауымен таңғалдырған. Әнші 100-ден 98 ұпай жинады. Наурызда әнші Кремльде концерт өткізеді. Ал жазда ол Астана қаласының тұрғындарының алдында ән шырқайды.

 kaz.tengrinews.kz 

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...