Ұлттық ұлан сарбазын пойызда ұрып-соққан күдіктілер ұсталды

Фото: Бейнеден кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2281

Ұлттық ұлан сарбазын пойызда ұрып-соғу ісі бойынша оның екі қызметтесі ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Астанада екі күдікті тұратын жерінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Олардың әрекеттеріне, оның ішінде бейнежазба жасаған адамға да құқықтық баға беріліп, жазаға тартылады»,  деп хабарлады ІІМ.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Бұған дейін Orda.kz TikTok желісінде азаматтық киімдегі ер адамның Ұлттық гвардия әскери формасындағы адамға соққы жасап, оны қорлайтын сөздер айтып жатқан бейнежазбасы тарағаны жайлы жазғанболатын.

Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте Аягөзгарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесіөзінің тұрғылықты жерінен табылды.

Ал 9 қыркүйекте міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петицияжарияланды. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданып, жақында болған әскерилердің қайғылы оқиғаларына байланысты көтеріліп отыр.

Orda.kz тілшісі әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жақындарымен сұхбаттасқан болатын. Қазір Ербаян Мұхтардың ата-анасы баласын 23 қыркүйек, яғни дүйсенбіден бастап Астанадағы нейрохирургия орталығына жатқызуға келісті.

Ал  Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қаза болуы мен әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...