Тоқаев Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1021

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қырғызстан Президентінің пікірінше, жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық реформа мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...