Блогер Жанәбіловтер 7 жылға сотталуы мүмкін

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
890

Прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаевтың айтуынша, блогерлер 7 жылға сотталуы немесе 1 миллиард теңге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сонымен қатар прокурорға айыптаушы тарап бас бостандығынан айыру жазасын талап ете ме деген сұрақ қойылды. Ол әзірге белгісіз екенін, іс материалдары зерттеліп болған соң және жарыссөз кезеңінде бәрі анықталатынын айтты.

Істі жүргізген судья Әділбек Баймаханов айыпталушылардан кінәларын мойындай ма деп сұрады. Ерболат Жанабылов бұл сұраққа жауап беруден бас тартатынын айтты.

"Қазір бұл сауалға жауап беруден бас тартамын. Өйткені қорғаушым екеуміздің өз ұстанымымыз бар. Біз оны барлық куәгерден жауап алынып, іс материалдарының барлығы зерттелген соң, өзіміздің жауабымызды беру барысында білдіргіміз келеді", – деді Эльмира Төлегенова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...