Ерболат Әбікенұлының "Желтоқсан ызғары" атты кітабы
Ерболат Əбікенұлының кейіпкерлері адам. Адам болғанда да зиялы қауым. Қаузаған тақырыбы «өмір». Өмір болғанда да қаланың қайнаған ортасы. Шығармалары бастан аяқ юморға, сарказмге, иронияға құрылған. Тіпті кейде сатираның елементтерін де көптеп кездестіресің. Удай ащы, көркем де өткір тіл, дəлдікке құрылған сөйлем, лиризм мен сатираның, психология мен натурализмнің ұштасуы бейне жаңалық іспетті. Ерболаттың кез келген əңгімесін қолыңа алдың, аяғына дейін оқымау мүмкін емес. Оқырманды жіпсіз байлау оның басты ерекшелігі. Сондай-ақ, тырқылдап күлесің сосын көзіңе жас аласың, тіпті кейде жылап та аласың. Ішінен өзіңді көресің. Таңбалы баспасынан жарық көріп, күллі əдеби ортада дүмпу туғызған «Министр» жинағындағы біраз əңгімелермен, соңғы кезде жазған он əңгімесінің басын қосып сіздерге ұсындық. Айтпақшы, философиялық бағыттағы қысқа əңгімелерді де, осының ішінен табасың.