Энциклопедия. Мұқағали Мақатаев.

КІТАПТАР
3531

Мұқағали Мақатаев шығармаларын жан-жақты талдап, түсініктеме беру мақсатымен баспадан шығарылып отырған бұл энциклопедияда ақынның мыңнан астам өлеңдері мен он алты дастаны, хикаяттары мен әңгімелері, «Қош, махаббат» атты пьесасы және негізгі әдеби-сын мақалалары туралы сөз болады. Ақын шығармалары 2001–2013 ж. аралығында «Жалын» баспасынан шығарылған бес томдық пен 2015 ж. «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрген «Мұқағали» жыр кітабына енген туындылары бойынша іріктелді. Кітапты әзірлеу барысында ұлы шайыр шығармашылығы әзірге тақырыптық, мазмұндық, көркемдік, текстологиялық жағынан жан-жақты зерттеле қоймағаны анықталды. Энциклопедияны әзірлеушілер жекелеген зерттеулер мен күнделікті баспасөзде жарияланған шашыраңқы материалдарды жинақтап, бір жүйеге түсіруге күш салды. Бұл жұмыста әсіресе 2005 жылдан бері үздіксіз шығып келе жатқан «Мұқағали» журналында жарияланған мақалалардың көп пайдасы тиді. Кітап материалдары барлық академиялық әмбебап және тұлғалық энциклопедиялық басылымдар үлгісімен әзірленіп, оған енгізілген атаулар қазақ әліпбиінің реттік тізімі бойынша орналастырылды. Мақалаларды іздестіру ыңғайлылық тудыру үшін әрбір айқарма беттің жоғарғы жағына басталатын материалдың тақырыпшасы беріліп отыр. Материалдар мүмкіндігінше қысқа да нақты деректермен берілді. Ақынмен етене жақын, тағдырлас, шығармашылық байланыста болған, бірақ нақты мағлұматтардың жеткіліксіздігі салдарынан кітапқа кірмей қалған жекелеген кісілерден алдын ала кешірім сұраймыз. Жеке тұлғалар ресми құжаттары бойынша берілді, ал аты-жөні бірдей адамдар жас шамасына қарай орналастырылды. Кітапта энциклопедиялық қысқарту жүйесі кең қолданылды. Егер мақала атауы сол материалдың ішінде қайталанса, тек алғашқы әріптері ғана берілді. Пәндік атауларда жиі кездесетін «огиялық», «икалық» қосымшаларымен аяқталатын сөздердің қысқартылған нұсқасы ғана алынды. Сондай-ақ, жалпы, кітап ішінде қайталанатын атаулар бөлекше курсивпен терілді. Мыс., жеке тұлғалар, ақын шығармаларының атаулары. Энциклопедия мазмұнын байыта түсу мақсатымен көлемді теориялық шолу мақалалар соңына библиографиялық көрсеткіштер ұсынылған. Кітапты пайдаланар алдында арнайы берілген «Негізгі қысқартулар» көрсеткішімен танысып алуларыңызды өтінеміз.

author

Мұқағали Мақатаев

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...