Абай мен Мəшһүр Жүсіп арасындағы ой үндестігі

ӘДЕБИЕТ
2057

Бір заман ұлыларының өткен мен қазіргіні, қазіргі мен болашақты пайымдаудағы ойларының ұқсас тұстарын қара сөзбен өрілген өлеңдерінен көруге болады

Адамның ең керемет, жалындап тұрар жастық шағының босқа өтпеуін, бұл кезеңді оқуға, білімге, ғылымға арнау керектігін ұғындыратын ойлары:

Абай:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Мəшһүр Жүсіп Көпеев:

Жастықта ұмтылып бақ ілгері өтіп,

Жұмысың жабдықталсын ерте бітіп.

Қолыңа қармағанмен түк түспейді,

Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп.

Тəңірінен əділетті жолдан жаңылыстырмауын тілеген қос жанның талап-тілегінің бірдейлігі мына бір жолдардан көрініс тапқан:

Абай:

Патша-құдай сиындым,

Тура баста өзіңе.

Мəшһүр Жүсіп Көпеев:

Дүниемен болып жүрмін мен екіұдай,

Əурелік балалығым бұрынғыдай.

Қараумен өз бойыма күнімді өткіз,

Басқаға көз салдырма патша-құдай,-дейді. 

Жақсыны жақсы деуде, шындықты шындық деп қабылдауда сырт көздің "сұғына" ілінгендіктерін, кейбір жандарға жақпағандықтарын айтар мына өлең жолдары екі ақынның идеяластық жақындастығын айқындай түседі.

Абай:

Моласындай бақсының,

Жалғыз қалдым, тап шыным.

Мəшһүр Жүсіп Көпеев:

Хақылықта, туралықта тұрамын деп,

Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.

Ақындар ойының ұқсас келуі олардың замандастығынан көрінеді. Білімге деген ұмтылыс пен жаңа заманға деген көзқарас сол дəуірге керектінің бірі болғанын осы бір ой үндестіктері байқатқандай.

Арайлым Серікова

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...