Келес ауданында жыл сайын мәдени нысандардың саны артып келеді. Биыл ауданға қарасты Абай ауылы аума...
Жеңіс Қасымбек Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды
1463
Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста Жеңіс Қасымбектің кандидатурасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға келісілді.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды.
Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.