Талдықорғанда 3 жасар бүлдіршінді әкесі өлімші етіп сабап тастады. Ер адам бұл әрекетті мас күйде іс...
Шавкат Рахманов Өзбекстан азаматтығын алғаны рас па?
Фото: UFC
2187
Шавкат Рахманов Қазақстан азаматтығын өзбек азаматтығына ауыстырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
UFC аралас жекпе-жек лигасының ресми сайты спортшы Шавкат Рахмановтың дерегіне қатысты қателік жіберді. UFC сайтының авторлары Рахмановты Өзбекстанның азаматы деп жазып қойған. Мұндай ақпарат мақалада да, Шавкат Рахмановқа арналған профилде де бар.
Рахманов азаматтығын ауыстырғаны туралы айтпады. Және оның Қазақстан азаматтығынан бас тартуы екіталай. Спортшы барлық сұхбаттарында өзінің Қазақстан азаматы екенін және өз өмірін Қазақстанмен байланыстыратынын әрдайым айтып жүреді.