Павлодарда бір жарым жасар сәби көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
487

Павлодарда бір жарым жасар бала терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге сағат 19:23-те Торайғыров көшесіндегі үйлердің бірінде биіктен құлау оқиғасы бойынша шақырту түскен.

«Медициналық бригада бірінші санаттағы шұғыл шақырту бойынша шығып, оқиға орнына 2 минутта жетті. Дәрігерлер бір жарым жасар баланың қайтыс болғанын анықтады», - дейді дәрігерлер.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бала алтыншы қабаттағы пәтердің ашық терезесінен құлап кеткен. Оқиға болған кезде оның ата-анасы үйде болғаны айтылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

9 қарашада үш қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Мамандар тұрғындарға сыртқа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жасыл даму" компаниясы ескі көлігін утилизацияға тапсырған қазақстандықтарға 315 мыңнан 750 мың тең...